×

Алия кубогы: Қазақстан индорхоккейден плей-оффқа шықты

Финалға шыққан құрамалар әлем чемпионатына барады

 Дастан Жұмабекұлы 23.05.2024 | 17:33
Фото: Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы

Индорхоккейден ерлер арасында Талдықорған қаласында өтіп жатқан Азия Кубогының плей-офф кезеңіне жолдама алған командалар анықталды.

Қазақстан құрамасы Оманды 4:0, Индонезияны 6:2 жеңіп, Малайзиямен 3:3 есебімен тең түсіп, ширек финалға шықты.

Енді Қазақстан мен Иран хоккейшілері келесі айналымға шығуға барын салады. Сол секілді жалғыз жолдама үшін Сингапур мен Оман, Индонезия мен Тәжікстан, Таиланд пен Малайзия сынға түседі.

Биылғы Азия Кубогының финалына шыққан құрамалар келесі жылы өтетін әлем чемпионатына барады.

Қазақстан командасының құрамы: Ағымтай Дүйсенғазы, Мақсат Жөкенбаев, Жеңіс Бейбітов, Ермек Ташкеев, Ералы Данияр, Алтынбек Айтқалиев, Аман Елубаев, Ерасыл Асхатов (қақпашы), Азат Қуатов, Еркебұлан Дүйсенбеков, Тілек Өзбек, Ленур Вишняков (қақпашы).

 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама