×

Мәсімовтің немере інісіне қатысты ақпарат берген адамға 12 млн теңге сыйақы берілмек

Антикор Нұрлан Мәсімовті іздеп таппай жатыр

 Ербол Тұрымбет 03.06.2022 | 18:27
фото: Нұрлан Мәсімов, Кәрім Мәсімов

Аса ауыр жемқорлық қылмысын жасағаны үшін 1973 жылы туған Нұрлан Мырзаханұлы Мәсімов іздестіріліп жатыр.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет іздеу жарияланған азаматты анықтау немесе оның орналасқан жері туралы қандай да бір ақпарат болған жағдайда агенттікке хабарлауды сұрап отыр.

Іздестіріліп жатқан адамның орналасқан жері туралы ақпарат бергені үшін 4 000 айлық есептік көрсеткішке (АЕК) дейін сыйақы көзделген.

Еске салайық, 2022 жылы айлық есептік көрсеткіш - 3063 теңге.

Нұрлан Мәсімовке қатысты ақпаратты 1424 call орталығына жолдай аласыз:

  • +7 (7172) 909 260
  • +7 (727) 278 7300
  • +7 (707) 978 0808

Нұрлан Мәсімов Павлодар облыстық полиция департаменті басшысы қызметіне 2019 жылдың қараша айында тағайындалды. Биыл қаңтар оқиғасынан кейін - 15 қаңтарда қызметтік лауазымынан босатылды. Бұдан кейін көп ұзамай оның үстінен қылмыстық іс қозғалып, іздеу жарияланды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама