×

Абай қаласында бір пәтерге жылан кіріп кетті

Ол тұрғын үйді түні бойы паналаған

 Дастан Жұмабекұлы 23.05.2024 | 16:17
Фото: pixabay.com

Қарағанды облысының Абай қаласындағы бір пәтерге жылан кіріп кетті. Ол Ермеков пен Абай көшелерінің қиылысында орналасқан тұрғын үйге кіріп, түні бойы паналаған.

Пәтер иесі жыланның үйде жүргенін таңертең ғана байқаған. Содан ол дереу қалалық Төтенше жағдайдар басқармасына хабарласып, үйде жыланның жүргенін айтқан. Құтқарушылар дереу жетіп, жыланды ұстаған.

Қара дақтары бар сұр жылан ешкімге зиян тигізбеген.  Құтқарушылар жыланды қаланың сыртына апарып, жайына жіберді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама