Елордада сот орындаушысы баланың алиментін жымқырған
Ол 1 жыл бойы борышкердің ақшасын өз ұлының шотына аударып отырған
Астана қаласы Нұра ауданының прокуратурасы жеке сот орындаушысының алимент төлеуге арналған 1 млн теңгеден астам ақшаны жымқыру фактісі бойынша қылмыстық істі тіркеді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Аталмыш азамат 1 жыл бойы борышкердің ақшасын жас баланың анасының орнына өз ұлының шотына аударғаны анықталды.
Жәбірленуші алимент берешегін өндіріп алу жөнінде борышкерге қатысты шара қолдану туралы ЖСО-ға жүгінген, алайда борышкер берешегін уақтылы жолдап отырған.
Жеке сот орындаушысына қатысты қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланғаны үшін қылмыстық іс сотқа жолданды.