Halyq Uni логотип
×

Шымкентте 30-ға жуық шенеунік жауапқа тартылды

Прокурорлық қадағалау актісіне сәйкес 29 жосықсыз өнім беруші тізілімге енгізілді

 Динара Амантай 23.05.2024 | 15:37
Шымкентте 30-ға жуық шенеунік жауапқа тартылды
көрнекі фото: Halyq Uni

Мемлекеттік сатып алу саласындағы бұзушылықтар үшін 26 лауазымды адам жауапкершілікке тартылды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Шымкент қаласының прокуратурасы талдау барысында жергілікті атқарушы органдардың сот жосықсыз деп таныған әлеуетті өнім берушілерді мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар тізіліміне енгізбеу фактілерін анықтады. Бұл оларға конкурстарға еркін қатысуға және тапсырыс берушілермен мемлекеттік сатып алу туралы келісімдер жасасуға мүмкіндік берді.

Прокурорлық қадағалау актісіне сәйкес тізілімге 29 жосықсыз өнім беруші енгізілді.

Сонымен қатар, Шымкент қаласы әкімі аппаратының 26 қызметкері тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама