Аудан әкімі болуға 4 кандидат өтініш білдірген
Алматы облысы Талғар қаласының әкімінің лауазымына үміткер Сапарбек Назарбаев тіркелді.
Бұл туралы Талғар ауданының әкімдігінен хабарланды.
Назарбаев Сапарбек Мұхтарұлы – 28 қаңтар 1977 жылы Өзбекстан Республикасы, Амудария ауданы, Мангит қаласында туылған. Қазақ. Экономист. Қазақстан Республикасының азаматы. Қазіргі уақытта «Сейф-ломбард» ЖШС-нің автоломбарды дамыту жөніндегі менеджері. Өзін-өзі ұсынған. Талғар қаласының тұрғыны, - делінген хабарламада.
Аудан әкімі болуға 4 кандидат тіркелген, оның ішінде 1 (25%) - саяси партиялармен, 3 (75%)- өзін-өзі ұсынумен.
Саяси партиялардан тіркелген кандидат: «Amanat» партиясынан Күрішбеков Бахыт Қуатбекұлы, өзін-өзі ұсыну арқылы 3 кандидат тіркелді -Даулетбаков Нұрбек Бакытканұлы, Акбутаев Бахытжан Рахымұлы, Назарбаев Сапарбек Мұхтарұлы.
Көпшілікті әкім лауазымына үміткердің тегі қызықтырды. Жұртшылық оны тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевтың туысы деп санайды.
Айта кетейік, 2022 жылдың 12 маусымында – Талғар қаласы әкімінің сайлауы өтеді.