Halyq Uni логотип
×

Назарбаев өзін Талғар қаласының әкімі лауазымына ұсынды

Аудан әкімі болуға 4 кандидат өтініш білдірген

Назарбаев өзін Талғар қаласының әкімі лауазымына ұсынды
фото: ашық дереккөзден

Алматы облысы Талғар қаласының әкімінің лауазымына үміткер Сапарбек Назарбаев тіркелді.

Бұл туралы Талғар ауданының әкімдігінен хабарланды. 

Назарбаев Сапарбек Мұхтарұлы – 28 қаңтар 1977 жылы Өзбекстан Республикасы, Амудария ауданы, Мангит қаласында туылған. Қазақ. Экономист. Қазақстан Республикасының азаматы. Қазіргі уақытта «Сейф-ломбард» ЖШС-нің автоломбарды дамыту жөніндегі менеджері. Өзін-өзі ұсынған. Талғар қаласының тұрғыны, - делінген хабарламада.

Аудан әкімі болуға 4 кандидат тіркелген, оның ішінде 1 (25%) - саяси партиялармен, 3 (75%)- өзін-өзі ұсынумен.

Саяси партиялардан тіркелген кандидат: «Amanat» партиясынан Күрішбеков Бахыт Қуатбекұлы, өзін-өзі ұсыну арқылы 3 кандидат тіркелді -Даулетбаков Нұрбек Бакытканұлы, Акбутаев Бахытжан Рахымұлы, Назарбаев Сапарбек Мұхтарұлы.

Көпшілікті әкім лауазымына үміткердің тегі қызықтырды. Жұртшылық оны тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевтың туысы деп санайды.

Айта кетейік, 2022 жылдың 12 маусымында – Талғар қаласы әкімінің сайлауы өтеді. 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама