×

Алматыда барлық ескі қоқыс контейнері ауыстырылады

Олар халықаралық тәжірибеге сәйкес орнатылмақ

 Динара Амантай 23.05.2024 | 12:34
Фото: Алматы қаласы әкімдігінің бапасөз қызметі

Алматыда 2025 жылдың соңына дейін барлық ескі және тозған қоқыс контейнері ауыстырылады. Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаев аудандарды аралау және қала тұрғындарымен жұмыс кездесуі барысында айтты.

Жоба аясында өткен жылдың соңында тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға арналған тереңдетіле көмілген 2905 контейнер орнатыла бастады. Сондай-ақ, 516 жаңа тереңдетілген контейнер алаңы салынады. Олардың жартысы жыл соңына дейін пайда болады.

Жаңа контейнерлер герметикалығымен ерекшеленеді. Жағымсыз иісі жоқ, жануарлар мен құстар қоқысқа тиісе алмайды, эстетикалық тұрғыдан әдемі.

Халықаралық тәжірибеге сәйкес, біз қапшықты контейнерлерді орнатуды жоспарлап отырмыз. Қызмет көрсету тұрғысынан қоқыс контейнерлерін жуу, санитарлық тазартуда шүберектен жасалған қапшықты контейнерлер әлдеқайда тиімді. Сонымен қатар, биыл біз 1800 еуроконтейнерді ауыстырамыз, – деді қала әкімі.

 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама