Halyq Uni логотип
×

«Ұлы дала жорығы-2024»: төртінші күннің қорытындысы

Жол қашықтығы – 500 шақырым

 Динара Амантай 23.05.2024 | 11:38
«Ұлы дала жорығы-2024»: төртінші күннің қорытындысы
Фото: Мейірбек Тажқұранов

22 мамырда «Ұлы дала жорығы» марафон-бәйгесінің төртінші кезеңі аяқталды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Таңғы 7:00-де 14 команда Ақмола облысының аумағындағы Торғай елді мекенінен Жолымбет елді мекеніне аттанды.

Ат спорты әуесқойлары мен еліміздің әр өңірлерінің өкілдерін біріктіретін спорт әлеміндегі ерекше оқиға қазақтың көрнекті геолог-ғалымы Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдығына арналып отыр.

Жол қашықтығы – 500 шақырым. Бағыт Павлодар, Ақмола облыстарын қамтиды. Марафон 23 мамырда Астанада аяқталады.

Жорық бағдарламасына сәйкес, командалар марафон-бәйгенің келесі 100 шақырымын бағындырып, төртінші кезеңнің мәресі Жолымбет елді-мекені маңында аяқталды. 

Төртінші кезең қорытындысы бойынша, Жетісу облысының командасы жеңімпаз атанды. Маңғыстау облысының шабандоздары мәре сызығына екінші болып жетсе, Алматы қаласының командасы үштікке ілікті.

Командалардың уақыт көрсеткіштері (100 шақырым):

  • Жетісу облысы – 07:20:07
  • Маңғыстау облысы – 07:20:34
  • Алматы қаласы – 07:28:46
  • Жамбыл облысы – 07:29:12
  • Астана қаласы – 07:34:25
  • Қарағанды облысы – 08:04:49
  • СҚО – 09:03:49
  • Ұлытау облысы – 09:10:22
  • Қостанай облысы – 09:52:36
  • Абай облысы – 09:53:05
  • Ақмола облысы – 10:08:18
  • Түркістан облысы – 10:43:22
  •  «Рекорд» командасы.

Жалпы нәтиже, 400 шақырым:

  • Жетісу облысы – 27:01:13
  • Маңғыстау облысы – 27:33:50
  • Алматы қаласы – 28:00:24
  • Жамбыл облысы – 29:13:59
  • Астана қаласы – 30:43:01
  • Қостанай облысы – 31:41:31
  • Қарағанды облысы – 31:54:12
  • СҚО – 34:12:56
  • Ақмола облысы – 34:29:41
  • Абай облысы – 36:22:21
  • Түркістан облысы – 37:10:06
  • Ұлытау облысы – 37:23:37
  • «Рекорд» командасы.

Жеңімпаздардың марапаты: Алғашқы үш жеңімпаз 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары алдында 3-7 қыркүйек аралығында өтетін халықаралық марафон-бәйгеге қатысуға лицензия алады. Халықаралық кезеңге шет мемлекеттерден кемінде 10 команда қатысады деп күтіледі (Түркия, Сауд Арабиясы, Моңғолия, Венгрия, Түрікменстан, Иран, Өзбекстан және тағы басқа).

Сараптамалық қорытынды: Марафон жұмысына 2 халықаралық және 3 қазақстандық судья, сондай-ақ 2 халықаралық және 3 қазақстандық мал дәрігері қатысып, жоғары стандарттарды сақтау мен жылқылардың денсаулығына қамқорлық жасауға кепілдік береді.

Жобаның басты серіктесі: ҚР Ұлттық спорт қауымдастығы.

Қолдау көрсетушілер: «Аманат» партиясы, Павлодар облыстық әкімдігі, Қазақстан Республикасы спорт және туризм министрлігі.

Ақпараттық серіктестер: «Қазақстан», «Хабар», «Астана» телеарналары.

«Ұлы Дала Жорығы» – жылқы баласының ең мықты әрі төзімді тұқымы анықталатын далалық лабораториясы.

Марафон жаңалықтарын www.joryq.kz ресми сайтында, әлеуметтік желілерде бақылаңыз: fb - JORYQ, Instagram - joryqofficial, Tik-Tok - JORYQ, youtube - JORYQ.

БАҚ-пен ынтымақтастық және өзара іс-қимыл мәселелері бойынша + 7 777-214-01-71 нөмірі бойынша Рауан Есқалимен хабарласуларыңызды сұраймыз. 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама