Halyq Uni логотип
×

Жамбыл облысында шенеуніктер инвесторға зауыт салуға тыйым салған

Кінәлі лауазым иелері тәртіптік жауапкершілікке тартылды

 Дастан Жұмабекұлы 23.05.2024 | 11:00
Жамбыл облысында шенеуніктер инвесторға зауыт салуға тыйым салған
Фото: gov.kz/Жамбыл облысының прокуратурасы

Жамбыл облысында шенеуніктер «КнауфГипсТараз» ЖШС-на  зауыт салуға және теміржолға қызмет көрсету үшін қосымша 20 га жер беруге тыйым салған. Жамбыл ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі инвестордың өтінішін ескермей, заңсыз бас тартқан.

«КнауфГипсТараз» ЖШС - елімізде көптен бері жұмыс істер келе жатқан Қазақстан мен Германияның бірлескен кәсіпорны. Ол Жамбыл ауданында 100 жұмыс орнын ашып, 14,5 млрд теңгеге «Гипсокартон және құрғақ құрылыс қоспаларын өндіру зауытының құрылысы салуды мақсат етіп отыр. Алайда  инвестор жер учаскесін ала алмай, бастаған ісін аяқсыз қалдыруға мәжбүр болған.

Осыған байланысты Жамбыл ауданы прокуратурасы істі қолға алып,  инвестордың құқығын қорғап шықты. Прокуратур қадағалау актісінің нәтижесі бойынша инвесторға жер алу мәселесі шешіп, жобаны жалғастыруға мүмкіндік берді.

Кінәлі лауазымды иелері тәртіптік жауапкершілікке тартылды, – делінген Жамбыл облысы прокуратурасының хабарламасында.

Фронт-офис аясындағы жұмыс жалғасуда. Жұмыс қадағалау органының ерекше бақылауында.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама