Түркістан балабақшаларында балалардың өміріне қауіп төндірген
Прокуратура кінәлілерді жауапқа тартты
Түркістан қаласының прокуратурасы жергілікті полициямен бірігіп, балалардың құқығын қорғау және оларды қауіпсіз тасымалдауды қамтамасыз ету үшін профилактикалық және рейдтік іс-шаралар өткізді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
16 мамырда өткізілген іс-шаралар кезінде 2 жекеменшік балабақша тәрбиеленушілерін тасымалдау кезінде бұзушылықтар анықталды. Осылайша, рұқсат етілген 19 жолаушы нормасының орнына жүргізуші бір уақытта 40 баланы тасымалдаған. Ол қауіпсіздік талаптарын сақтамаған.
Басқа да мағыналас бұзушылықтар анықталып, жүргізушілерге қатысты әкімшілік жауапкершілік шаралары қабылданып, көлік тұраққа қойылды.
Осындай бұзушылықтарды болдырмау және балалардың құқығын қорғау мақсатында жұмыстар жалғасын табады.