Елімізге Құран кітабын қолмен жазып шыққан қандасымыз келді (ВИДЕО)
Шейх Осман Тоханы белгілі меценат Серікжан Сейтжанов күтіп алды
Құран кітабын үш жыл бойы қолмен жазып шыққан Шейх Осман Тоха Шымкент қаласына келді. Оны белгілі меценат Серікжан Сейтжанов әуежайдан күтіп алды.
Шейх Осман Тоха 24 мамырда Сейітжан қари Есжанұлы рухани орталығының ресми ашылу салтанатына қатысады деп жоспарланып отыр.
Ол Сауд Арабиясында жыл сайын миллиондаған тиражбен басылып шығатын Құран кітабын және оның бірнеше тілдегі аудармасын қолмен жазып шыққан. Құран комбинатында қасиетті кітапты 70 тілге, соның ішінде қазақшаға да аударған.
90 жастан асқан каллиграф Сауд Арабиясында тұрады. Оның ұлты – қазақ.