БҚО-да терроризм идеясын насихаттаған күдікті ұсталды (ВИДЕО)
Ол бұрын ауыр қылмыс жасағаны үшін сотталған болып шықты
22 мамырда Ұлттық қауіпсіздік комитеті прокуратура органдарының үйлестіруі және полицияның көмектесуімен Батыс Қазақстан облысының тұрғынын ұстады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Ведомство өкілдерінің мәліметінше, ол терроризмді насихаттады деген күдікке ілінген. Тергеу әрекеттері барысында заттай дәлелдемелер алынды.
Қылмыстық кодекстің 256-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр, – делінген ҰҚК хабарламасында.
Ұсталған адам бұрын ауыр қылмыс жасағаны үшін сотталған болып шықты.
ҚР Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария
етілмейді.