Тоқаев Сингапур президентінің Istana сарайына барды

Динара Амантай

Құрмет қарауылының бастығы мемлекет басшыларына рапорт берді

Фото: t.me/aqorda_resmi

Мемлекет басшысы Сингапур президентінің Istana сарайына барды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Қасым-Жомарт Тоқаевты президент Тарман Шанмугаратнам қарсы алды. Қазақстан мен Сингапурдың әнұрандары шырқалып, Құрмет қарауылының бастығы мемлекет басшыларына рапорт берді.

Содан соң Қазақстан президенті Құрметті қонақтар кітабына қолтаңба қалдырды. Екі ел басшылары бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды.

Салтанатты рәсімнен кейін Қасым-Жомарт Тоқаев пен Тарман Шанмугаратнам келіссөз өтетін залға барды.