×

23 мамырға ауа райы болжамы жарияланды

Атмосфералық фронталды бөліктердің әсеріне Қазақстан территориясының басым бөлігіне тұрақсыз ауа райы сақталады, жаңбыр жауып, найзағай, дауыл болады, еліміздің солтүстігінде, шығысында бұршақ жауады

 Халық үні 23.05.2024 | 08:45
Фото: pixabay.com

«Қазгидромет» РМК Қазақстан аймақтарында 2024 жылғы 23 мамырда болатынқауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады.

Атмосфералық фронталды бөліктердің әсеріне Қазақстан территориясының басым бөлігіне тұрақсыз ауа райы сақталады, жаңбыр жауып, найзағай, дауыл болады, еліміздің солтүстігінде, шығысында бұршақ жауады, түнгі сағаттарда Алматы облысының таулы аудандарында жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Республика бойынша желдің күшеюі, солтүстік-батыста, солтүстікте тұман күтіледі.

Қостанай облысының оңтүстігінде, Атырау облысының солтүстік-батысында, Қызылорда облысының шығысында, Батыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстік-шығысында, Абай облысының орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.

Абай облысының оңтүстігінде, Түркістан облысының шөлді аудандарында төтенше өрт қауіпі күтіледі.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама