×

Ата-әжесі Бишімбаевтың 3 баласымен енді кездесе алмайды

Экс-министр Қуандық Бишімбаевтың бұрынғы әйелі Назым Қаһарман балаларының әкесімен, ата-әжесімен араласуына қарсы екенін айтты.

 Халық үні 22.05.2024 | 22:47
Коллаж: tengrinews.kz

Экс-министр Қуандық Бишімбаевтың бұрынғы әйелі Назым Қаһарман балаларының әкесімен, ата-әжесімен араласуына қарсы екенін айтты.

Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында оқырмандарының сұрақтарына жауап бергенде айтқан.

«Сіз болашақта балаларыңыздың ата-әжесімен, әкесімен араласуына рұқсат бересіз бе?» деп сұраған оқырмандары. Назым Қаһарман бұл сұраққа бірден «жоқ» деп жауап берген.

«Жағдайдың бәрін ескере отырып «ЖОҚ» деймін. Балаларымның жүрегі мен санасын зорлық-зомбылықты ақтау туралы ойлармен мазалағым келмейді», - деп жазды Назым Қаһарман.

Айта кетейік, азаматтық некедегі әйелі Салтанат Нүкенованы өлтіргені үшін 24 жылға сотталған Қуандық Бишімбаев пен оның бұрынғы әйелі Назым Қаһарманның арасында ортақ үш бала бар.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама