Ата-әжесі Бишімбаевтың 3 баласымен енді кездесе алмайды
Экс-министр Қуандық Бишімбаевтың бұрынғы әйелі Назым Қаһарман балаларының әкесімен, ата-әжесімен араласуына қарсы екенін айтты.
Экс-министр Қуандық Бишімбаевтың бұрынғы әйелі Назым Қаһарман балаларының әкесімен, ата-әжесімен араласуына қарсы екенін айтты.
Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында оқырмандарының сұрақтарына жауап бергенде айтқан.
«Сіз болашақта балаларыңыздың ата-әжесімен, әкесімен араласуына рұқсат бересіз бе?» деп сұраған оқырмандары. Назым Қаһарман бұл сұраққа бірден «жоқ» деп жауап берген.
«Жағдайдың бәрін ескере отырып «ЖОҚ» деймін. Балаларымның жүрегі мен санасын зорлық-зомбылықты ақтау туралы ойлармен мазалағым келмейді», - деп жазды Назым Қаһарман.
Айта кетейік, азаматтық некедегі әйелі Салтанат Нүкенованы өлтіргені үшін 24 жылға сотталған Қуандық Бишімбаев пен оның бұрынғы әйелі Назым Қаһарманның арасында ортақ үш бала бар.