Бүгін Сергей Квак жасақтаған жасөсіпірімдер құрамасы Қытай командасын жеңді
Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Шымкент қаласында 16 жасқа дейінгілер арасында өтіп жатқан Дэвис кубогы Азия — Тынық мұхит аймағы бойынша іріктеу турнирінің ширек финалына жолдама алды.
Қазақстан құрамасы А тобында Өзбекстан құрамасын 3:0 есебімен, Малайзияны 3:0 есебімен жеңді.
Алдымен Даниэль Тазабеков 46 минутқа созылған матчта Абибке бірде-бір гейм берген жоқ. Ойын 6:0, 6:0 есебімен аяқталдыү
Заңғар Нұрланұлы Деваштан да 6:1, 6:0 есебімен айласын асырды.
Жұптық сында Д. Тазабеков пен Дамир Жалғасбай қарсыластарына еш мүмкіндік қалдырған жоқ. Есеп — 6:0, 6:2.
Бүгін Сергей Квак жасақтаған жасөсіпірімдер құрамасы Қытай командасын жеңіп, А тобынан ширек финалға бірінші орынмен шықты.