×

Теннис: Қазақстан жасөспірімдер құрамасы ширек финалға шықты

Бүгін Сергей Квак жасақтаған жасөсіпірімдер құрамасы Қытай командасын жеңді

 Дастан Жұмабекұлы 22.05.2024 | 18:13
Фото: Қазақстан теннис федерациясы

Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Шымкент қаласында 16 жасқа дейінгілер арасында өтіп жатқан Дэвис кубогы Азия — Тынық мұхит аймағы бойынша іріктеу турнирінің ширек финалына жолдама алды.

Қазақстан құрамасы А тобында Өзбекстан құрамасын 3:0 есебімен, Малайзияны 3:0 есебімен жеңді.

Алдымен Даниэль Тазабеков 46 минутқа созылған матчта Абибке бірде-бір гейм берген жоқ. Ойын 6:0, 6:0 есебімен аяқталдыү

Заңғар Нұрланұлы Деваштан да 6:1, 6:0 есебімен айласын асырды.

Жұптық сында Д. Тазабеков пен Дамир Жалғасбай қарсыластарына еш мүмкіндік қалдырған жоқ. Есеп — 6:0, 6:2. 

Бүгін Сергей Квак жасақтаған жасөсіпірімдер құрамасы Қытай командасын жеңіп, А тобынан ширек финалға бірінші орынмен шықты.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама