×

Сыр өңірінде «Алаш әдебиеті» мұражайы ашылады

Сондай-ақ, өңірде архив лабораториясы іске қосылмақ

 Динара Амантай 22.05.2024 | 17:26
Фото: Қызылорда обл. әкімдігінің баспасөз қызметі

Сыр өңірінің жазба мәдениетін насихаттайтын «Алаш әдебиеті» музейін ұйымдастыру қолға алынады. Бұл туралы мәдениет және өнер қызметкерлері күніне арналған шарада облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев мәлімдеді.

2025 жыл – Сыр елі үшін айтулы, тарихи жыл. Қызылорда қаласының ел астанасы болғанына 100 жыл толады. Бұл тарихи датаны өз деңгейінде атап өтудің дайындығын қазірден бастағанымыз жөн. Академик Зейнолла Қабдолов айтқандай, «уақытында қазақтың туын тіккен, қиясы болған - Қызылорда» жерінде Алаш мұраларына арналған музей болуы заңдылық деп есептеймін, - деді Нұрлыбек Нәлібаев.

Сондай-ақ, өңірде жазба жәдігерлерін реставрациялауға арналған архив лабораториясы іске қосылмақ.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама