Ол қызметін лицензиясыз іске асырған
Шымкентте қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соттың үкімімен заңсыз кәсіпкерлік қызметін іске асырған қала тұрғыны 2 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Сот талқылауы барысында азамат «Binance» платформасында цифрлық активтерді (криптовалюталар) лицензиясыз айырбастау қызметін көрсеткені анықталды. 5 жыл ішінде ол 1,7 млрд теңгеден астам аса ірі мөлшерде заңсыз табыс тапқан, – делінген прокуратура хабарламасында.
Қала прокуратурасы Шымкент қаласының тұрғындарына цифрлық активтерді айырбастау бойынша заңсыз кәсіпкерлік қызметті іске асырғаны үшін қылмыстық жауапкершілік көзделгені туралы ескертеді.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.