Халықаралық ірі компаниялардың жетекшілерімен бірқатар кездесу өткізілмек
Мемлекет басшысы 23-24 мамырда президент Тарман Шанмугаратнамның шақыруымен Сингапур Республикасына мемлекеттік сапармен барады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Сапар аясында Қасым-Жомарт Тоқаев Сингапурдың жоғары басшылығымен, халықаралық ірі компаниялардың жетекшілерімен бірқатар кездесу өткізеді. Бұған қоса мемлекет басшысы Қазақстан-Сингапур бизнес форумының жұмысына қатысады деп жоспарланып отыр.