Ол прокурордың талабын орындаусыз қалдырған
Ақмола облысының сотында Көкшетау қаласының ТКШ бөлімінің басшысына қатысты прокурордың заңды талаптарын орындамағаны үшін әкімшілік құқықбұзушылық туралы іс қаралды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Аталған лауазым иесі прокурордың су тасқынынан зардап шеккен жер телімдерінің тізімдері туралы және зиянды бағалау бойынша жүргізілген жұмыстың нәтижелері, бұзуға жататын үйлер туралы ақпаратты ұсыну туралы жазбаша сауалын орындаусыз қалдырған.
Сот анықтағандай, мемлекеттік мекеме басшысы қадағалау органның сауалына мәліметтерді бермей, прокурордың талабын орындаусыз қалдырған.
Сот қаулысымен «Д.» кінәлі деп танылып, оған айыппұл түрінде әкімшілік жаза тағайындалды. Сот актісі заңды күшіне енген жоқ, – делінген прокуратура хабарламасында.