Halyq Uni логотип
×

Ақмола облысында әкімдік 30 млн теңгені заңсыз жұмсамақ болған

Прокуратура мемлекеттік сатып алу конкурсының күшін жойды

 Динара Амантай 22.05.2024 | 12:45
Ақмола облысында әкімдік 30 млн теңгені заңсыз жұмсамақ болған
Фото: Halyq Uni

Біржан сал ауданының прокуратурасы ауданның коммуналдық меншігіне кірмейтін ғимаратқа инжинирингтік қызметтерді мемлекеттік сатып алу бойынша конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген заңбұзушылық фактілерді анықталды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Мемлекеттік сатып алу веб-сайты арқылы конкурстық құжаттамаларды зерделеу арқылы жергілікті атқарушы орган Біржан сал ауданының коммуналдық меншігіне кірмейтін ғимаратты қайта жаңартуға жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеу бойынша 30 млн теңгеге конкурс заңсыз жариялағаны анықталды.

Аудан прокуратурасының қадағалау актісі бойынша аталған мемлекеттік сатып алу конкурсы жойылды. Сол арқылы Біржан сал ауданы прокуратурасының шараларымен 33,3 млн теңге сомасына заңсыз сатып алулардың алды алынды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама