Головкин ХОК басшылығымен кездеседі
Еліміздегі Олимпиялық қозғалысты бірігіп дамыту мәселесі қаралады
Геннадий Головкин бастаған Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитетінің делегациясы Швейцарияның Лозанна қаласына барды, деп хабарлады Olympic.kz.
Бұл жерде ҰОК делагациясы Халықаралық Олимпиада комитетінің басшылығымен кездеседі. Кездесуде халықаралық спорттық байланыстарды нығайтып, Қазақстандағы Олимпиялық қозғалысты бірігіп дамыту мәселесі қаралады, – делінген хабарламада.
Бүгін ҰОК бас хатшысы Жанар Өтешева мен ҰОК бас директоры Нұрлан Нөгербек бастаған делегация Халықаралық Олимпиада комитетінің штаб-пәтері саналатын Лозаннадағы Олимпиялық үйге барды.
Қазақстан ҰОК өкілдеріне арнап түрлі Олимпиялық қозғалыстың заманауи дамуындағы түрлі аспектілер мен ерекшеліктерді қамтыған таныстырылым өтті.
ҰОК делегациясының жұмыс сапары аясында ХОК департаменттерімен кездесулер ұйымдастырылады.
Содан кейін ҰОК президенті Геннадий Головкин мен Халықаралық Олимпиада комитетінің президенті Томас Бах кездеседі.