Бұл ынтымақтастық елдің тұрақтылығын нығайтады
Молдова Еуропалық Одағымен қауіпсіздік және қорғаныс саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойған алғашқы ел болды.
Бұл туралы ЕО-ның сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі жоғары өкілі Хосеп Боррел айтты.
Бұл ынтымақтастық елдің тұрақтылығын нығайтады. Бұл бізге қауіпсіздіктің ортақ мәселелерін бірігіп шешуге, қарым-қатынастарымызды тиімдірек етуге және ынтымақтастықтың жаңа бағыттарын зерттеуге мүмкіндік береді, – деді Боррел.
Еуропалық дипломатияның басшысы басқа елдермен «достық елдер желісін» құру, олардың қауіпсіздігін нығайту және киберқауіпсіздік сияқты мәселелер бойынша «тығыз ынтымақтастықты» қамтамасыз ету үшін осындай келісімдер жасалғанын мәлімдеді.