×

Молдова Еуропа Одағымен әскери ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды

Бұл ынтымақтастық елдің тұрақтылығын нығайтады

 Дастан Жұмабекұлы 22.05.2024 | 11:43
Фото: moldova1.md

Молдова Еуропалық Одағымен қауіпсіздік және қорғаныс саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойған алғашқы ел болды.

Бұл туралы ЕО-ның сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі жоғары өкілі Хосеп Боррел айтты.

Бұл ынтымақтастық елдің тұрақтылығын нығайтады. Бұл бізге қауіпсіздіктің ортақ мәселелерін бірігіп шешуге, қарым-қатынастарымызды тиімдірек етуге және ынтымақтастықтың жаңа бағыттарын зерттеуге мүмкіндік береді, – деді Боррел.

Еуропалық дипломатияның басшысы басқа елдермен «достық елдер желісін» құру, олардың қауіпсіздігін нығайту және киберқауіпсіздік сияқты мәселелер бойынша «тығыз ынтымақтастықты» қамтамасыз ету үшін осындай келісімдер жасалғанын мәлімдеді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама