×

Астанада ер адам бір түнде екі рет ұрлыққа түскен (ВИДЕО)

Күдікті көліктердің есігін ашып, автобөлшектерді ұрлаған

 Дастан Жұмабекұлы 22.05.2024 | 11:01
Фото: polisia.kz

Астана қаласында көлік бөлшектерін ұрлаған ер адам ұсталды.

Polisia.kz-тің хабарлауынша, Сарыарқа аудандық Полиция басқармасы криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шарасы кезінде аккумулятор ұрлаумен айналысқан 36 жастағы ер адамды ұстаған. Астана тұрғыны бір түнде екі көлікті тонап үлгерген.

Түнде Абай даңғылы бойындағы үйдің жанындағы автотұрақта құлпы ашық тұрған Volkswagen Passat автокөлігінің аккумуляторын, магнитофоны мен автобөлшектерін алып, жалпы сомасы 140 мың теңге залал келтіргені анықталды. Сол түні күдікті көрші ауладағы ВАЗ 2106 көлігінің аккумуляторын дәл осылай ұрлаған. Содан кейін ол ұрланған автокөлік бөлшектерін үйінің ауласындағы бұталардың арасына жасырып, таңертең жалдаған көлікке тиеп, кейін оны сатып жіберген.

Осы оқиғаға қатысты сотқа дейінгі тергеу болып жатыр. Ер адам кінәсін мойындап, оның бұрын астанада осындай қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде.

 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама