Halyq Uni логотип
×

Су тасқыны: 5 435 адам әлі эвакуациялау пункттерінде

23,9 млн-нан астам текше метр еріген қар суы сорып шығарылды.

 Динара Амантай 22.05.2024 | 10:10
Су тасқыны: 5 435 адам әлі эвакуациялау пункттерінде
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

ТЖМ су тасқыны бойынша сағат 10:00-дегі ақпаратты жариялады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Ведомство өкілдерінің мәліметінше, республика бойынша 61 мың 377 адам өз үйлеріне оралған. 5 мың 435 адам әлі эвакуациялау пункттерінде қалып отыр.

Сонымен бірге 11 мың 300 тұрғын үй мен 3 мың 602 аула аумағынан су бұрылып, сорылды. 23,9 млн-нан астам текше метр еріген қар суы сорып шығарылды. Бұған қоса 8 млн қапшық және 1,5 млн-нан астам тонна инертті материал төселді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама