×

Астанада оқушы 4-қабаттың балконында асылып тұрған баланы құтқарып қалды (ВИДЕО)

Видео әлеуметтік желіде пайда болды 

 Халық үні 21.05.2024 | 21:55
фото: видеодан скриншот

Елордада 7-сынып оқушысы Ақан Әкімжанов ерлік жасап, тұрғын үйдің 4-қабатының балконында ілініп тұрған баланы құтқарып қалды.

Ақан Әкімжановтың баланы қалай құрқарып қалған видеосы әлеуметтік желіде пайда болды.

Ақан Әкімжанов елордадағы №31 мектеп-гимназияның 7Д сынып оқушысы. Ол 20 мамырда аулада жүргенінде 4-қабаттың балконында ілулі тұрған баланы байқаған.

Сөйтіп Ақан бірден кіреберіске жүгіріп барып, 4-қабатқа көтеріліп, балконда құлай жаздаған 5 жасар баланы құтқарып қалды.

Ақан Әкімжанов көпбалалы отбасының мүшесі. Ол әрдайым өзінің іні-әпкелеріне де көмектесуге дайын екенін айтты.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама