Halyq Uni логотип
×

БҚО-да тасқыннан зардап шеккен 9 мыңға жуық отбасыға әлеуметтік көмек берілді

 Оралдағы саяжай тұрғындарының шығынын есептеу бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр

 Динара Амантай 21.05.2024 | 19:13
БҚО-да тасқыннан зардап шеккен 9 мыңға жуық отбасыға әлеуметтік көмек берілді
Фото: Halyq Uni

Батыс Қазақстан облысында бүгінге дейін су тасқынынан зардап шеккен 8 мың 882 отбасыға 100 айлық есептік көрсеткіш көлемінде 3,2 млрд теңге біржолғы әлеуметтік көмек берілді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Облыс әкімдігінің мәліметінше, тұрғындардың шығынын есептеу жөніндегі комиссия қорытындысы бойынша үйлерін жөндеуге 253 отбасыға 422 млн теңге қаржы төленген. Алдағы уақытта тұрғындардан түскен өтініштер негізінде төлемдерді беру жалғасады.

Бұдан бөлек, су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға Бөрлі ауданында 58 үй, Теректі ауданында 5 үй сатып алынады.

Облыс әкімі Нариман Төреғалиевтің тапсырмасы аясында Орал қаласында су тасқынынан зардап шеккен саяжай тұрғындарының шығынын есептеу және материалдық көмек төлеу жөніндегі комиссия штаттық режимде жұмыс істеп жатыр.

Қазір Орал қаласындағы саяжай тұрғындарының шығынын есептеу бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ, Батыс Қазақстанда су тасқыны салдарынан зардап шеккен Қаратөбе, Сырым, Бөрлі, Бәйтерек, Теректі аудандарының тұрғындары үшін салынатын 395 үйдің 377-сінің құрылысы жүріп жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама