×

БҚО-да киік етінен консерві жасау жоспарланып отыр

Жақында киіктердің санын азайту туралы Үкіметтің қаулысы қабылданады

 Еркеғали Болатұлы 03.06.2022 | 16:35
фото: egemen.kz

БҚО-да киіктердің етінен консервілер жасау жоспарланып отыр. Бұл туралы жергілікті «Мой город» басылымы хабарлады.

«Жақында киіктердің санын азайту туралы Үкіметтің қаулысы қабылданады. Ғалымдардың есептеуінше, Орал киіктерінің саны 250 мыңға жуық болуы керек. Сол үшін олар ұсталып, ет комбинаттарына жіберіледі. Қазір бұл мәселе де шешімін тауып, ет өңделіп, одан консервілер жасалады», – дейді облыс әкімінің орынбасары Арман Өтеғұлов.

Облыста Қызыл кітапқа енген бұл жануарлардың саны миллионнан асты. Шаруа қожалықтары киіктердің көбеюіне алаңдап, егістік пен шабындықтарды таптап жатқанына наразы. Оларға тек заң аясында жануарларды қуып тастауға ғана рұқсат етілген.

Сондай-ақ Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Әлия Шалабекова БҚО-да Бөкейорда мемлекеттік табиғи қорығы мен Ащыөзек мемлекеттік табиғи резерваты ашылатынын жеткізді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама