×

Еуропа чемпионаты Qazaqstan мен Qazsport телеарналарынан көрсетіледі

Финалдық кезең 14 маусым мен 14 шілдеде аралығында болады

 Дастан Жұмабекұлы 21.05.2024 | 17:53
Фото: Alex Morton

Футболдан Еуропа чемпионаты қай телеарналардан тікелей эфирде көрсетілетіні белгілі болды.

Дүрмекті доданы тікелей эфирде көрсету құқығына «Қазақстан» телеарадиокорпорациясы ие болып отыр.

Жанкүйерлер ойындарды Qazaqstan мен Qazsport телеарналарынан тікелей эфирде тамашалай алады.

Еуропаның үздік құрамаларының 51 матчы бір ай бойы екі арнадан көрсетіледі. Оған қоса Еуропа стадиондарында бір ай бойы корпорацияның арнайы шығармашылық тобы жұмыс істейді.

Еуропа чемпионатында ымна командалар алты топқа бөлініп ойнайды:

А тобы: Германия, Шотландия, Венгрия, Швейцария.

B тобы: Испания, Хорватия, Италия, Албания.

С тобы: Словения, Дания, Сербия, Англия.

D тобы: Польша, Нидерланд, Австрия, Франция.

E тобы: Бельгия, Словакия, Румыния, Украина

F тобы: Португалия, Грузия, Түркия, Чехия.

14 маусымда чемпионаттың ашылу салтанатынан кейін Германия мен Шотландия құрамалары ойнайды.

Финал 14 шілдеде болады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама