Спортшылар әлем чемпионатына жолдаманы 14 командамен сарапқа салады
20-25 мамырда Шымкент қаласында 16 жасқа дейінгілер арасында Дэвис кубогының Азия – Тынық мұхит аймағы бойынша іріктеу турнирі өтеді.
Командалық әлем чемпионатына жолдаманы Қазақстан, Аустралия, Тайбэй, Гонконг, Үндістан, Малайзия, Иран, Жапония, Оңтүстік Корея, Қытай, Жаңа Зеландия, Таиланд, Өзбекстан, Вьетнам, Иордания құрамалары сарапқа салады.
Жеребе Belline Arena ұлттық теннис орталығында тартылды. Қазақстан жасөспірімдері А тобында Қытай, Өзбекстан және Малайзия командаларымен ойнайтын болды.
Қазақстан намысын Заңғар Нұрланұлы, Дамир Жалғасбай пен Даниэль Тазабеков қорғайды.
Команданың капитан: Сергей Квак.
Өткен жылы Қазақстан жасөспірімдер құрамасы іріктеуден сәтті өтіп, алғаш рет командалық әлем чемпионатының финалдық кезеңіне шыққан еді.
Іріктеу сайыстарына қатысатын 16 команда төрт топқа бөлінген. Әр топтан екі құрама плей-офф кезеңіне өтеді. Жартылай финалға өткендер әлем чемпионатына жолдама алады.