×

Енді қазақстандықтар Оманға тікелей ұша алады

Әуе қатысынан қалпына келтіру туризмді дамытуға ықпал етеді

 Дәурен Ерболат 21.05.2024 | 17:00
Фото: tripadvisor.in

Биыл 18 маусымнан бастап Алматы – Маскат әуе рейсі іске қосылады, деп хабарлады Көлік министрлігі.

2024 жылғы 18 маусымнан бастап Salam Air Оман компаниясы Алматы – Маскат әуе рейсін іске қосады деп жоспарлап отыр. Рейстің сыйымдылығы – 180-230 орындық. Airbus-А320/А321 ұшағы аптасына 2 рет (сейсенбі және жұма) ұшады, - деп жазылған хабарламада.

Әуе қатынасын қалпына келтіру екі ел арасындағы сауда-экономикалық, іскерлік және туристік ынтымақтастықты дамытуға мүмкіндік береді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама