Halyq Uni логотип
×

Қырғыз-тәжік шекарасында тағы да қарулы қақтығыс болды

Екі тараптан да жараланғандар бар

 Динара Амантай 03.06.2022 | 16:34
Қырғыз-тәжік шекарасында тағы да қарулы қақтығыс болды
Фото: Halyq Uni

3 маусым күні Қырғыз Республикасы мен Тәжікстан шекарашылары арасында атыс болып, тәжік тарапы миномет қолданды. Бұл туралы Қырғыз Республикасы шекара қызметінің баспасөз қызметі хабарлады.

Баткен облысы Баткен ауданына қарасты Бұлақ-Башы учаскесінде Қырғыз Республикасының шекара наряды қызметтік міндетін атқару кезінде шартты шекара сызығын заңсыз кесіп өтіп, ел аумағына өтіп кеткен тәжік шекарашыларын анықтады. Қырғыз Республикасы шекарасынан кету туралы талаптарды елеместен Тәжікстан шекарашылары қырғыз әскери қызметкерлеріне оқ жаудырды. Екі елдің шекарашылары арасында қақтығыс болып, тәжік тарапы миномет қолданды, – делінген хабарламада.

Ведомствоның мәліметінше, атыс аяқталды. Екі тараптан да жараланғандар бар.

Қақтығыс болған жерде екі республиканың да шекара өкілдері оқиғаның мән-жайын анықтау үшін келіссөздер жүргізіп жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама