×

Жамбыл облысында жетім балалар баспана алу мүмкіндігінен айырылған

Аудан әкімдігі тұрғын үй қорынан 20 пәтер сатып алғанымен, бірде-бір жетімге баспана бермеген

 Динара Амантай 21.05.2024 | 16:16
Фото: Halyq Uni

Меркі ауданының прокуратурасы жетім балалардың тұрғын үйге қатысты құқығының бұзылғанын анықтады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Ведомство өкілдерінің мәліметінше, уәкілетті орган мемлекеттік тұрғын үй қорынан пәтер алуға бірінші кезектегі құқығы бар тұлғалар арасында тұрғын үйлерді бөлу кезінде заңнаманы бұзуға жол берген.

2022 жылы аудан әкімдігі тұрғын үй қорынан 20 пәтер сатып алғанымен, бірде-бір жетім балаға баспана бермеген. Осылайша, жетім балалар мемлекет кепілдік берген кезекке тұру құқығынан және баспана алу мүмкіндігінен айырылды, – делінген прокуратура хабарламасында.

Прокурорлық қадағалау актісі бойынша 3 бала тұрғын үй кезегіне қойылып, 4 балаға құқықтық құжаттарды рәсімдей отырып, тұрғын үй қорынан пәтер берілді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама