Halyq Uni логотип
×

Иранда президент сайлауы 28 маусымда болады

2-27 маусым аралығында сайлауалды үгіт-насихат жұмысы жүргізіледі

 Дастан Жұмабекұлы 21.05.2024 | 15:00
Иранда президент сайлауы 28 маусымда болады
Фото: 1lurer.am

Иран Үкіметі елдегі 14-президенттік сайлауды 28 маусымда өткізу туралы шешім қабылдады. Бұл туралы Синьхуа агенттігі хабарлады.

Отырыста сайлау күні белгілі болды. Жиынға президент уақытша міндетін атқарып отырған Иранның бірінші вице-президенті Мұхаммад Мохбер, сот жүйесінің басшысы Голам Хосейн Мохсени-Эджеи, Парламент спикері Мохаммад Багер Галибаф, президенттің құқықтық мәселелер жөніндегі вице-президенті Мохаммад Дехган мен Иранның Конституциялық кеңесі мен Ішкі істер министрлігі өкілдері қатысты.

Иран президенті Ибрахим Раиси мен онымен жанында болған команданың кейбір мүшелері, соның ішінде сыртқы істер министрі Хосейн Амир Абдоллахиян дүйсенбіде таңертең Тегераннан шамамен 670 шақырым жердегі Варзакан ауданы маңында құлаған тікұшақтың сынықтары табылғаннан кейін қаза тапты деп жарияланды.

Иран Конституциясының 131-бабына сәйкес, егер президент өз міндетін атқара алмаса, атқарушы билік уақытша бірінші вице-президенттің қолына өтеді. Ол 50 күнде жаңа президентті сайлауды ұйымдастыруға міндетті.

Кездесуге қатысушылар атқарушы делегацияларды жасақтау, кандидаттарды тіркеу және сайлау науқандарын бастауды қамтитын сайлау пр оцесінің кестесін жасады, делінген хабарламада.

Кестеге сәйкес, тіркеу 30 мамырдан 3 маусымға дейін жүргізіледі, содан кейін кандидаттар 12-27 маусым аралығында сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуге тиіс.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама