×

Алматы облысында интернет-алаяқтар халықты 8 млн теңгеге алдаған (ВИДЕО)

Қылмыспен 28 жастағы шетел азаматы да айналысқан

 Дастан Жұмабекұлы 21.05.2024 | 13:19
Фото: Halyq Uni

Алматы облысында интернет-алаяқтар халықты 8 млн теңгеге алдаған. Олардың ақшасы жыл басынан бері толығымен қайтарылды.

Алматы облысы Криминалдық полиция басқармасының бастығы Руслан Смағұловтың айтуынша, 14-16 мамыр аралығында облыс аумағында Аnti-fraud республикалық жедел алдын алу іс-шара өткізілді. Оның мақсаты – технологияларды пайдалану арқылы жасалған құқық бұзушылықтарға, сонымен қатар интернет-алаяқтықтарға қарсы күресте тиімділікті арттыру.

Іс-шарада OLX онлайн-жарнама платформасы арқылы жоқ тауарларды сатумен айналысқан Әзербайжан Республикасының 28 жастағы азаматы ұсталды. Сонымен қатар, онлайн-несие рәсімдеп, алаяқтықпен айналысқан әйел адам анықталды.

Polisia.kz-тің хабарлауынша, қазір оның осындай 10 қылмысқа қатысы дәлелденді. Жедел-профилактикалық іс-шара қорытындысы бойынша полицейлер интернет-пайдаланушыларға қатысты алаяқтардың 17 қылмысын ашты. Оның ішінде бұрын жасалған 14 қылмыс пен контрафактілік өнімді сатудың 3 фактісі ашылды.

Анықталған қылмыстардың көпшілігі интернеттегі алаяқтықтың түрлеріне, соның ішінде фишингке, жеке мәліметтерін ұрлауға және заңсыз қаржылық операцияларға қатысты болды. Интернет-дүкендер мен әлеуметтік медиа платформалар арқылы таратылатын контрафактілік өнімдерге ерекше назар аударылды.

Жыл басынан бері облыс аумағында интернет-алаяқтықтың 427 фактісі тіркелді. Қазіргі уақытта жәбірленушілерге 8 млн 789 516 теңге өтелді. Әрине, бұл сома шамалы. Бірақ құқық қорғау органдары халық арасында профилактикалық жұмыспен айналысуда, – деді Р. Смағұлов.

Оның айтуынша, адамдар көп жиналатын жерлерде 37 акция өткізіліп, 13 мыңнан астам парақшалар таратылды. Қоғамдық орындарда 12 билборд пен 9 LED-экран орнатылды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама