Жаңаөзенде балабақша есепшісі ақша жымқырған

Динара Амантай

Оған шартты жаза тағайындалды

Фото: Halyq Uni

Жаңаөзен қаласы прокуратурасы жүргізілген талдау нәтижесінде екі мемлекеттік балабақшаның есепшісі бюджет қаражатын жымқыру фактісі анықталды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Есепші өзінің жеке шотына жалпы сомасы 30 млн теңгені заңсыз аударған.

Аталған факті бойынша қала прокуратурасымен қылмыстық іс тіркеліп, есепшіге Жаңаөзен қалалық сотының 2024жылғы 15 наурыздағы үкімімен Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 189-бабы 4-бөлігі 2-тармағымен 6 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазасы тағайындалып, осы кодекстің 63-бабына сәйкес тағайындалған жаза шартты деп саналды, – делінген хабарламада.

Сонымен қатар, жымқырылған 30 млн теңге толығымен мемлекетке қайтарылды.