Су тасқынынан зардап шеккен 61 мыңнан аса адам үйлеріне оралды
11 319 тұрғын үй мен 3 602 аула аумағынан су бұрылып, сорылды
Төтенше жағдайлар министрлігінің соңғы мәліметіне қарағанда, еліміз бойынша тасқыннан зардап шеккен 61 372 адам өз үйлеріне оралды. 5 446 адам эвакуациялау пункттеріне орналастырылды.
11 319 тұрғын үй мен 3 602 аула аумағынан су бұрылып, сорылды. 23,5 млн астам текше метр еріген қар суы сорып шығарылды. 7,9 млн қапшық және 1,5 млн астам тонна инертті материал төселді.
Батыс Қазақстан облысында суға кеткен саяжай аумақтарында су тасқыны салдарын жою жұмыстары жалғасуда.
Бүгінгі күні облыс құтқарушылары бау-бақша бірлестіктерінің аудандарында өнімділігі секундына 500 литр болатын жылжымалы сорғы станцияларының көмегімен суды сору жұмыстарын жүргізуде.
Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы, Құйлыс және Жайсаңбай ауылдарында бөгетті нығайту жұмыстары жалғасуда.
Құйлыс ауылында тәулігіне барлығы 4 700 қапшық пен 2 380 тонна инертті материалдар төселсе, ал Жайсанбай ауылында тәулігіне 2 170 қапшық пен 1 570 инертті материал төселді.
Атырау облысында құтқарушылар ауыл тұрғындарын тәулік бойы қайықпен тасымалдауда
Еске сала ктесек, бұған дейін Махамбет және Сарытоғай ауылдарының арасындағы жол төсемін ашып, көлік қозғалысы тоқтатылған болатын.
Жергілікті құтқарушылар 150-ден астам тұрғынды қайықпен тасымалдады.
Сондай-ақ, Махамбет ауданында жағалауды нығайту жұмыстары жүргізілуде. 105 км астам үйінді қорғаныш құрылыстары салынды.
Атыраулық құтқарушылар тұрғындарға көмек көрсетті
Атырау қаласы, «Атырау-Индер» тас жолына жақын шаруа қожалықтарының бірінен өзен суының жайылуына байланысты жолдан өте алмаған 2 жеңіл автокөлік иелерінен шақырту түсті.
Құтқарушылар шақырту орнына уақытылы жетіп, 3 адамды қауіпсіз жерге көшірді.