Бокстан ұлттық құрама Олимпиадаға іріктеу турниріне аттанды

Дастан Жұмабекұлы

Оған ерлер командасынан 1, әйелдерден 5 боксшы қатысады

Фото: Olympic.kz

Бокстан Қазақстан ұлттық құрама командасы Олимпиада жолдама беретін соңғы іріктеу турниріне аттанды.

Бұл турнир 24 мамыр мен 2 маусым аралығында Таиландтың Бангкок қаласында өтеді.

Оған ерлер құрамасынан 1, әйелдер құрамасынан 4 боксшы қатысып, квотаға таласады. 

Ерлер арасында 63,5 келі салмақта Мұхаммедсабыр Базарбайұлы шаршы алаңға шығады. 

Әйелдер арасында Назым Қызайбай (50 кг), Ұлжан Сәрсенбек (54 кг), Римма Волосенко (60 кг), Наталья Богданова (66 кг) мен Валентина Хальзова (75 кг) Олимпиадаға лицензия алуға тырысады. 

Бұған дейін бокстан Олимпиада жолдамалары Қытайдың Ханчжоу қаласында өткен Азия ойындары мен Италиядағы іріктеу сынында үлестірілген болатын.