×

«Күйеуі бір апта іздеу жарияламаған»: Оралда 3 баланың анасы із-түзсіз жоғалып кетті

Жақындарының айтуынша, ол күйеуінің ұрып-соққанына қарамастан, ешқашан балаларын тастап үйден кетпеген. 

 Халық үні 20.05.2024 | 23:28
Фото: Nemolchi.kz

Оралда 20 күннен астам уақыт бұрын жоғалып кеткен 3 баланың анасы табылмай жатыр.

Жақындарының айтуынша, ол күйеуінің ұрып-соққанына қарамастан, ешқашан балаларын тастап үйден кетпеген.  Кіші ұлы небәрі 4 жаста.

«Немолчи.кз» қорының басшысы Дина Таңсәрінің айтуынша, Айнагүлдің әріптестері оның жоғалуынан күманданады.

«Себебі оның күйеуі бір апта бойы полицияға арызданбаған. Полиция қызметкерлері оның үйіне келгенде ғана арыз жазуға мәжбүр болған. Айнагүлдің ата-анасы жоқ, алыс туыстары ғана бар. Полициядан осы істі назарға алып, бақылауын сұраймыз. Күйеуі жалдамалы пәтерінен көшіп кеткен. Мүмкін, ұрып-соғудың, зорлық-зомбылықтың кейбір заттай дәлелдері жоғалып кеткен болуы мүмкін»,- дейді Дина Таңсәрі. 

Сондай-ақ  #Немолчикз Орал қаласының  тұрғындарынан Айнагүл жайлы қандай да бір ақпарат болса, полицияға немесе +77051510000 сенім телефонына хабарлауды сұрайды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама