Семейде сүйіктісін көлікпен таптап өлтірген күдіктінің ісі сотқа жетті
33 жастағы әйел адамды қасақана көлікпен таптап кеткен
Семей қаласында көлік таптап кеткен әйел көз жұмды.
Абай облысы полиция департаментінің хабарлауынша, 33 жастағы әйел адамды қасақана көлікпен таптап кеткен. Алған жарақатынан ол ауруханада көз жұмды.
«Аталған факті бойынша Әуезов полиция басқармасы сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізуде. Күдікті анықталып, ұсталды. Оның кінәсі қылмыстық іс материалдарымен, сот-медициналық сараптамалармен дәлелденді. Қазіргі уақытта күдікті сотқа берілген», — делінген ақпаратта.
Ведомство дерегінше, қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге деректері жария етілмейді.
Бейресми мәліметтерде марқұм әйелді көлікпен таптап өткен — оның кездесіп жүрген жігіті екені айтылған.