Елімізге Ресей Федерациясы аумағынан су келіп жатыр – министрлік
Батыс Қазақстан облысының төрт ірі су қоймасы 96%-ға толды
Елімізге Ресей Федерациясы аумағынан су келіп жатыр, деп хабарлады Су ресурстары және ирригация министрлігі.
Атырау қаласында Жайық өзенінің деңгейі - 573 см, Атырау облысының Махамбет ауылында – 1015 см. Жайық өзенінің деңгейі одан әрі көтеріледі деп күтілуде. «Қазсушар» мекемесінің жергілікті филиалының мамандары тасқын суын өткізу жұмысын жалғастыруда.
Батыс Қазақстан облысының төрт ірі су қоймасы 96%-ға толды. Олардың барлығы штаттық кестеге сай жұмыс істейді. Аймақта су тасқынының екінші кезеңі жалғасуда.
Ақмола облысындағы екі ірі су қоймасы 100%-ға толы. Екі нысан да штаттық кестеге сай жұмыс істейді.
Солтүстік Қазақстан облысындағы 2 ірі су қоймасы 100%-ға толы. Есіл өзенінде су тасқынының екінші кезеңі жалғасып жатыр.
Ақтөбе облысындағы екі ірі су қоймасының орташа су жинау көрсеткіші 95%. Екі нысан да штаттық кестеге сай жұмыс істейді.
Шығыс Қазақстан облысында екі ірі су қоймасы бойынша орташа су жинау көрсеткіші 86,6%. Аймақта су тасқыны жалғасуда.
Абай облысындағы Шүлбі су қоймасы 68,3%-ға толды. Аймақта су тасқыны жалғасуда. Ертіс каскадының барлық су қоймалары штаттық кестеге сай жұмыс істейді.
Қарағанды облысындағы 3 ірі су қоймасы 99,7%-ға толы. Олардың барлығы штаттық кесте аясында жұмыс істеп тұр.
Қостанай облысында екі ірі су қоймасының орташа су жинау көрсеткіші 92%. Екі нысан да штаттық кестеге сай жұмыс істейді.
Су қоймаларында «Қазсушар» мамандарының кезекшілігі және су шаруашылығы жағдайының мониторингі жалғасуда. Су қоймаларына жиналған тасқын суы ауылшаруашылығы мен өнеркәсіпте пайдалану үшін жіберіледі.