Атмосфералық фронтальды бөлімдердің әсерінен елдің басым бөлігінде найзағаймен жаңбыр жауады, елдің солтүстігінде бұршақ, оңтүстіктің таулы аудандарында дауыл болады
«Қазгидромет» РМК Қазақстан аймақтарында 2024 жылғы 21 мамырда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады.
Атмосфералық фронтальды бөлімдердің әсерінен елдің басым бөлігінде найзағаймен жаңбыр жауады, елдің солтүстігінде бұршақ, оңтүстіктің таулы аудандарында дауыл болады, Алматы облысының таулы аудандарында жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Республика бойынша жел күшейеді, елдің солтүстік-батысында, солтүстігінде, таулы аудандардың оңтүстік-шығысында тұман болады деп күтілуде.
Қарағанды облысының оңтүстігінде, Атырау облысының солтүстік-батысында, Қызылорда облысының шығысында, ооңтүстік-батысында, Батыс Қазақстан облысының батысында, Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында, Абай облысының орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Қостанай облысының оңтүстігінде жоғары өрт қаупі күтіледі.
Абай облысының оңтүстігінде Түркістан облысының шөлді аудандарында төтенше өрт қаупі сақталуда.