ХАМАС ұйымының жетекшілеріне де айып тағылып отыр
Халықаралық қылмыстық сотының прокуроры Карим Хан Израильдің премьер-министрі Беньямин Нетаньяху мен осы елдің қорғаныс министрі Йова Галантты адамзатқа жасаған қылмысы үшін соттауды талап етті.
Сонымен бірге ол ХАМАС тобының саяси лидері Исмаил Хания, осы ұйымның әскери жасағының командирі Мұхаммед Дейф пен Газа секторындағы топтың жетекшісі Яхья Синварды тұтқындау үшін ордер беруді сұрады. Бұл туралы Карим Хан CNN телеарнасына сұхбатында айтты.
Халықаралық қылмыстық сот менің өтінішімді ескере отырып, оны жақын уақытта қарайтынын мәлімдеді, – деді ол.
БҰҰ-ның халықаралық сотының хабарлауынша, Нетаньяху мен Галантқа, сонымен бірге АҚШ пен Еуропа одағы және басқа да көптеген елде террористік қозғалыс болып жарияланған ХАМАС ұйымының жетекшілеріне Израиль және Газа секторында адамзатқа қарсы жасаған қылмысы үшін айып тағылып отыр.
Халықаралық қылмыстық соты - Біріккен Ұлттар Ұйымының басты сот органы. Ол 1945 жылы Нидерланд корольдігінің Гаага қаласында құрылған.