Министрлік жұмыс беруші есебінен зейнетақы төлемдерін іске асыру қағидаларын әзірледі
Қаулы жобасы ашық НҚА порталында орналастырылған
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары есебінен Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан зейнетақы төлемдерінің мөлшерін айқындау және іске асыру қағидаларын әзірледі, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Жоғарыда көрсетілген қағидаларды бекіту туралы Үкімет қаулысының жобасы «Ашық НҚА» порталында орналастырылды.
Жоба Әлеуметтік кодекстің 11-бабының 8-тармақшасына сәйкес әзірленді және жұмыс берушілердің міндетті зейнетақы жарналары есебінен Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан зейнетақы төлемдерін іске асыру мөлшері мен тәртібін айқындайды.
Қағидаларға сәйкес жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы төлемдері жиынтығында кемінде 60 күнтізбелік ай ЖМЗЖ аударылған мына адамдарға беріледі:
- зейнеткерлік жасқа жеткен (63/61 жас);
- егер мүгедіктігі мерзімсіз болып белгіленсе, бірінші және екінші топ мүгедектігі бар адамдар.
ЖМЗЖ есебінен БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдері өмір бойы тағайындалады және қайтыс болған немесе Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұруға кеткен айы бойынша іске асырылады.
Қаулы жобасын қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарға әкеп соқпайды. Толығырақ сілтеме арқылы танысуға болады.