Halyq Uni логотип
×

Абай облысында лудоман туысының 2 млн теңгесін ұрлаған

Ол кінәсін толық мойындап, істеген ісіне өкінетінін жеткізді

 Динара Амантай 20.05.2024 | 17:00
Абай облысында лудоман туысының 2 млн теңгесін ұрлаған
Фото: Halyq Uni

Абай облысының тұрғыны 2 млн теңге ұрлап, құмар ойынға салып жіберген, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, облыстың 25 жастағы тұрғыны Семейде өзінің туысының үйінде отырып, ағасынан қоңырау шалу үшін телефон сұраған. Телефон арқылы банктердің бірінің мобильді қосымшасына кіріп, кездейсоқ таңдау арқылы кодын ашып, өзінің жеке шотына 2 млн теңге қаражат аударған. Көп ұзамай жәбірленушінің жиені ұрланған ақшаны букмекерлік кеңсеге тігіп жіберген.

Сот құмар ойынға тәуелдіні ҚР ҚК-нің 188-бабында («Ұрлық») көзделген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танып, оған 2 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындай отырып, сол мерзімге пробациялық бақылауды белгілеген.

25 жастағы тұрғын пробация қызметіне есепке қойылды. Ол кінәсін толық мойындап, істеген ісіне өкінетінін жеткізді. Отбасылы, кішкентай баласы бар. Есепке қойылғаннан кейін оған әлеуметтік құқықтық көмек көрсетілді. Бос жұмыс орындарының квотасы бойынша электрик ретінде жұмысқа орналастырылды, – деді пробация қызметінің аға инспекторы Назым Тохтар.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама