×

Ақтөбеде әкімдік 156 млн теңгенің жерін жекеменшікке заңсыз берген

Прокурорлық қадағалау шараларымен жер мемлекетке қайтарылды

 Динара Амантай 20.05.2024 | 16:12
Фото: gov.kz

Ақтөбе қаласы прокуратурасы жер телімдерін заңсыз беру дерегін анықтады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Қала әкімдігі қала тұрғынының біріне бау-бақша ұжымында ғимараттар мен құрылыстар салу үшін аумағы 0,1 гектар болатын жер телімін берген. Алайда, әкімдік берген учаске «Самара-Шымкент» халықаралық тас жолының бойына көшірілген, ал қаланың Бас жоспарына сәйкес бұл учаске жасыл аймақ болып есептеледі және онда ғимараттар мен құрылыстар салуға тыйым салынады.

Сонымен қатар, учаскені көшіру кезінде 3,9 гектар кадастрлық құны 102 млн теңге болатын қосымша жер учаскесі бөлінген.

Қазір прокурорлық қадағалау шараларымен заңсыз берілген 6 гектар жалпы сомасы 156 млн теңгеден астам жер учаскелері мемлекет меншігіне қайтарылды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама